Франция жанармайды қымбаттатуға мораторий жариялады
Франция билігі жанар-жағар май салығын өсіруге мораторий жариялады. Үш аптаға созылған наразылық шараларынан кейін ел билігі осындай шешім қабылдап отыр. Бірнеше апта бойы жалғасып келе жатқан наразылық шарасы демалыс күндері тәртіпсіздікке ұласты. Өткен сенбіде Парижде "сары күрте кигендердің" наразылық шеруіне жетпіс бес мыңнан астам адам қатысып, 133 адам жараланған. Олардың жиырмаға жуығы – полиция қызметкері. 400 адам ұсталған.Тұрғындар жаңа реформаға қарсы шығып, президенттің отставкаға кетуін талап етті.