Accessibility links

Франция билігі жанармайдың қымбаттауына мораторий жариялауы мүмкін


Франциядағы наразылық.
Франциядағы наразылық.

Франция билігі жанармай салығын қымбаттатуға мораторий жариялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Франс-Пресс агенттігі хабарлады. Үш аптадан бері ереуілдетіп жатқан наразылар талабының орындалатынын премьер-министр Эдуард Филипп хабарлайды.

Агенттік ақпаратынша, мораторий бірнеше айға жарияланады. Жергілікті BFMTV телеарнасы "наразылар жанармайдың қымбаттауына қатысты жағдайды талқылау үшін премьермен кездесуден бас тартқанын" хабарлады.

Видео: Франциядағы наразылық тәртіпсіздікке ұласты

Бейбіт шеру тәртіпсіздікке ұласты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:13 0:00

Үш аптадан бері Францияда өтіп жатқан наразылық шарасы демалыс күндері тәртіпсіздікке ұласты. Өткен сенбіде Парижде "сары күрте кигендердің" наразылық шеруіне жетпіс бес мыңнан астам адам қатысып, 133 адам жараланған. Олардың жиырмаға жуығы – полиция қызметкері. 400 адам ұсталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG