Accessibility links

АҚШ Сенаты: Хашоггидің өліміне тақ мұрагерінің қатысы бар


Жамал Хашогги.
Жамал Хашогги.

АҚШ Сенаты Сауд Арабиясының оппозициялық журналисі Жамал Хашоггидің өліміне тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманды кінәлайтын қарар қабылдады. Қарар авторлары Эр-Риядты журналистің өліміне қатысы барларды бірін қалдырмай жауапқа тартуға шақырады.

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) сарапшылары Хашоггиді өлтіруге тапсырманы тақ мұрагерінің өзі ғана бере алады деген қорытындыға келген. АҚШ бұған дейін Сауд Арабиясының Хашоггиді өлтіру операциясына қатысты делінген 17 азаматына санкция салған.

Америкалық конгресмендердің көбі президент Дональд Трампты Вашингтон Сауд Арабиясы билігінің мұндай әрекетіне төзе алмайтынын айқын ұқтыруға шақырады. Трамп ЦРУ қорытындысын анық емес деп, Вашингтонға Эр-Риядпен тығыз байланыс орнату экономикалық жағынан да, Таяу Шығыстағы қауіпсіздікті сақтау және халықаралық терроризммен күрес тұрғысынан да маңызды екенін мәлімдеді.

13 желтоқсанда америкалық сенаторлар Йеменде операция жүргізіп жатқан Сауд Арабиясы мен оның одақтастарын қолдауды тоқтату жөнінде қарар қабылдаған. Эр-Рияд пен оның одақтастары Йеменде үкімет әскері жағында ираншыл қарулы хуситтерге қарсы соғысып жатыр.

Қарардың әзірге қандай да бір заңдық күші жоқ. Құжат заңды күшке ие болуы үшін бірқатар қосымша шара жасалуы керек. Reuters-тің мәліметінше, конгресмендер бірінші рет шетелдегі қақтығыс аймағынан АҚШ әскерін әкету туралы шешімді бірінші рет қолдап отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG