Accessibility links

HRW: 2018 жылы әлемде автократияға қарсылық күшейді


Армениядағы оппозиция жақтастарының билікке қарсылық шеруі. Ереван, 2 мамыр 2018 жыл (Көрнекі сурет).
Армениядағы оппозиция жақтастарының билікке қарсылық шеруі. Ереван, 2 мамыр 2018 жыл (Көрнекі сурет).

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымының атқарушы директоры Кеннет Рот 2018 жылы әлемнің көптеген елінде демократия қағидалары мен адам құқығын бұзуға қарсылық күшейгенін мәлімдеді. Бұл туралы ұйымның 17 қаңтарда жарияланған әлемдегі адам құқығының жай-күйі туралы жыл сайынғы есебінде айтылады.

HRW басшысының сөзінше, әлемде автократия шегіне жеткен сайын оған деген қарсылық та күшейіп барады.

"Әлемдегі автократтарға қарсылық күшейіп келеді" деген баяндамасында Кеннет Рот әлемде адам құқығын қорғаудың жүйелене бастағанын айтады. Оның сөзінше, бұл халықаралық деңгейде адам құқығын қорғау саласында жеткен табыстан және түрлі деңгейдегі азаматтық топтардың белсенділігі артқанынан байқалады.

Ол бұған мысал ретінде былтыр БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Мьянма, Сауд Арабиясы мен Венесэулаға "бұрын-соңды болмаған" қысым жасағанын және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйымның химиялық қару қолданғандарды анықтау мандатына ие болғанын келтіреді.

Ұйым басшысы бұған қоса Арменияны мысалға келтіріп, былтыр бұл елде қоғамдық қысым мен сайлаудың автократиялық басқаруға тегеурінді қарсылық көрсеткенін айтады. Дегенмен, Рот Кеннет автократияға қарсылық барлық елде бірдей жеңіске жете бермейді деген пікір білдіреді. Ол Түркия мен Египет басшыларының "еркін ойлайтындар мен азаматтық белсенділердің үнін өшіруге талпынып, мыңдаған адамды саяси көзқарасы үшін" түрмеге жапқанын айтады. Адам құқығы жиі бұзылады деген Ресейде президент Владимир Путин "саяси оппозиция мен өзгеше ойлайтындарды басып-жаншуды" былтыр да жалғастырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG