АҚШ және Оңтүстік Корея елдерінің жоғары лауазымды өкілдері АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының екінші саммитіне дайындық мәселесін талқылады. Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесетін жері мен уақытын жариялайтыны туралы мәлімдеген.
Екі лидердің жоғары деңгейдегі келіссөзі ақпан айының соңында өтуі мүмкін деп хабарлады "Америка дауысы".
Трамптың Солтүстік Корея бойынша арнайы өкілі Стивен Бигун жексенбі күні Оңтүстік Кореяға барған. БАҚ-тың жазуынша, ол осы аптада Ким Чен Ынның өкілдерімен кездеспекші. Екі жақ АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының алда болатын екінші саммитінің жай-жапсарын талқылайды деп хабарланды.
Трамп пен Ким Чен Ын 2018 жылы маусымда Сингапурда алғаш рет кездескен кезде Корей түбегін ядролық қарудан толық арылтуға дайын екендерін мәлімдеген. Бірақ бұл бағытта әлі күнге дейін нақты қадам жасалған жоқ.
Фотогалерея: Трамп пен Кимнің алғашқы кездесуі. (12.06.2018)
ПІКІРЛЕР