15 ақпан таңертеңгі сағат 11-де Шымкент қаласындағы "Түркістан" сарайында қала әкімімен кездесуге мыңнан астам адам жиналған. Азаттықтың Шымкенттегі тілшісінің айтуынша, 1300 орындық зал толып, орын жетпей қалған адамдар да болған. Ал шамамен жиырмаға жуық адам ғимаратқа кіре алмай, сыртта қалып қойған.
Әкімдік өкілдері оларға сарайға жақын маңдағы драма театр ғимаратында онлайн-трансляция жүріп жатқанын айтып, алып кетпекші болған. Бірақ тұрғындар қарсы болған.
"Мен бұған дейін мұң-зарымды айттым. Неге соны қолға алмайсыңдар?" деді ашынған тұрғындардың бірі әкімдік өкілдеріне.
Қала әкімімен кездесуге әкім Ғабидолла Әбдірахымовпен бірге ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев та қатысқан.
Тұрғындар алдында есеп берген әкім көп балалы аналардың жағдайына да тоқталып, олардың жағдайын жақсарту мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізген. Жиын қазір жалғасып жатыр.
ПІКІРЛЕР