22 наурызда Алматыда ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Он шақты адам қаладағы Гоголь мен Панфилов көшесінің қиылысында жиналып, наразылықтарын білдіріп тұрды. Олардың арасында елдегі соңғы саяси шешімдерге, биліктің әрекетіне, Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгертуге қарсы пікір айтқандар бар.
Полиция жергілікті уақытпен 11.30 шамасында осы маңға жиналған ондаған адамды ұстай бастады. Полиция адамдарды не үшін ұстап жатқандарын түсіндірмеді.
ПІКІРЛЕР