Accessibility links

Астанадағы ұстауларды түсіруге барған Азаттық тілшілеріне кедергі жасалды


Азаттықтың түсірілім тобына кедергі келтіріп жатқан жастар. Астана, 22 наурыз 2019 жыл.
Азаттықтың түсірілім тобына кедергі келтіріп жатқан жастар. Астана, 22 наурыз 2019 жыл.

22 наурызда Астанада "Шапағат" сауда орталығының маңында полиция адамдарды ұстап әкетті. Бұл оқиғаны түсіруге барған Азаттық тілшілері Өркен Жоямерген мен Тимур Айтмұханбетовке сол маңда жүрген, өздерін "студентпіз" деп таныстырған бір топ жас жұмыс істеуге кедергі келтірді.

Астанада Азаттық тілшілеріне кедергі келтірген жастардың бірі.
Астанада Азаттық тілшілеріне кедергі келтірген жастардың бірі.

Азаттық тілшісі полицияға жастардың қызметіне кедергі келтіріп жатқанын айтса да, шара қолданбады. Жастардың бірі Азаттықтың түсірілім тобының камерасын қағазбен жауып кедергі келтірді. Олардың арасында камераға келіп, Наурыз туралы құттықтау айтып, өлең оқығандары да болды. Жастар оператордан адамдардың ұсталған сәтін емес, өздерінің биін, әнін түсіруді сұрады.

Сол маңға келген мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл жастардың әрекетін қолдап, Азаттық солардың құттықтауын түсіру керектігін айтты. Смағұл полицияның адамдарды ұстауын "заңға сай" деді. Депутат "мерекені пайданалып, бір адам өзіне ұпай жинауға тырысып жатыр" деді. Ол ұпай жинап жатқан адамның кім екенін айтпады.

Азаттықтың тікелей эфирі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG