Accessibility links

Алматы марафонында ұсталған тағы бір белсендіге айыппұл салынды


Сүйінбике Сүлейменова сотта жауап беріп тұр. 22 сәуір 2019 жыл.
Сүйінбике Сүлейменова сотта жауап беріп тұр. 22 сәуір 2019 жыл.

22 сәуірде Алматы қалалық мамандандырылған әкімшілік соты Алматы марафоны кезінде ұсталған Сүйінбике Сүлейменоваға 20 айлық есептік көрсеткіш (50 мың теңге) көлемінде айыппұл салды. Ол "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деп айыпталған

Марафон кезіндегі сотқа себеп болған ұран. Алматы. 21 сәуір, 2019 жыл
Марафон кезіндегі сотқа себеп болған ұран. Алматы. 21 сәуір, 2019 жыл

Адвокат Разия Нұрмышеваның айтуынша, сот Сүлейменованың аяғы ауыр екенін ескеріп, айыппұлдың көлемін 30 пайызға азайтқан. Қорғаушы апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Алматы қалалық мамандандырылған әкімшілік соты марафон кезінде ұсталған Айдос Нұрболатов пен Айгүл Нұрболатованың да ісін қарап жатыр.

21 сәуірде Алматы марафоны кезінде полиция бірнеше белсендіні жол жиегіне "От правды не убежишь. У меня есть выбор. #adilsailayuzhin" (Шындықтан қаша алмайсың. Менде таңдау бар. Әділ сайлау үшін) деген жазуы бар баннер ілгені үшін ұстаған. Сол күні сот Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбаевты "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деген айып тағып, 15 күнге қамады. Белсенділердің адвокаттары сот шешіміне қарсы апелляциялық шағым түсіретінін айтқан.

22 сәуірде бір топ белсенді Алматы қалалық сотының алдына жиналып, Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбаевты босатуды талап етті.

Ал Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев​ "ұсталған жастар марафон өткізуге кедергі келтірді" деді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG