БҰҰ-ның терроризммен күрес кезінде адамдардың құқығын қорғау ісі бойынша арнайы сарапшысы Фионнуала Ни Аолэйн Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісін "Қазақстандағы қазіргі жағдайдың көрінісі" деп атады. БҰҰ өкілінің айтуынша, Қазақстан экстремизмге қарсы заңды қоғамдық ұйымдарды, саяси топтарды және сын айтқандарды жазалауға қолданады. Бұл туралы ол 17 мамырда Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
– Олар (Боқаев пен Аян – ред.) бейбіт митингілер мен шерулерге қатысты. Демек, бұл – халықаралық құқықтарға сай әрекет, - дейді ол.
БҰҰ өкілі Қазақстанда терроризм мен экстремизм бойынша сот процестерінің жабық өтетіне алаңдайды. Фионнуала Ни Аолэйн "Қазақстандағы билік транзиті – заңдарды қайта қарауға, азаматтық қоғамға жол ашуға үлкен мүмкіндік" дейді.
Оқи отырыңыз: "Халық билікке талабын орындатқыза алатынын көрсетті"
2016 жылы сәуірдегі жер шеруінен кейін атыраулық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян "әлеуметтік араздық тудырды", "жалған ақпарат таратты" және "митинг өткізу заңдарын бұзды" деген айыппен бес жылға сотталған. 2018 жылы сот Талғат Аянның түрмеден уақытынан бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырып, оны бостандыққа шығарған. Макс Боқаев "қамаудан уақытынан бұрын шығуға сұранбайтынын" айтқан.
ПІКІРЛЕР