Accessibility links

Абаев: Көп балалы аналарға үй берсек, олар бақытты болып кете ме?


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев (ортада) пен Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтановтың наразы аналардың алдында тұр. Нұр-Сұлтан. 16 мамыр, 2019 жыл.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев (ортада) пен Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтановтың наразы аналардың алдында тұр. Нұр-Сұлтан. 16 мамыр, 2019 жыл.

17 мамырда Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Нұр-Сұлтанда өткен Астана экономикалық форумында 16 мамыр күнгі аналардың наразылығы туралы пікір білдірді. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

"Мәселен, кеше Астана экономикалық форумы өтіп жатқанда бір топ көп балалы ана шығып, баспана беруді талап етті. Олар көп балалы аналарды мемлекет баспанамен қамтамасыз етуі керек деп санайды. Біріншіден, біз оларға баспана берсек, олар бақытты болып кете ме? Екіншіден, бұл мәселені шеше ме? Мемлекет баспанамен қамтамасыз ету үшін қыруар қаржы бөлуге дайын ба? Бәлкім біз жағдай жасап, соған басымдық беруіміз керек" деді Абаев форумда.

Министр билік қандай жағдай жасау керектігін ашып айтпады.

16 мамырда таңертең баспана мәселесін шешуді талап еткен бір топ ана Нұр-Сұлтан әкімдігі алдына келген. Кейін өздеріне ешкім шықпаған соң, аналар экономикалық форум өтіп жатқан ғимараттың алдына барған. Олар форумға қатысып жатқан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуді талап етті.

Бірақ аналарға еңбек министрі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Бақыт Сұлтанов шыққан. Олар аналармен бірге автобусқа отырып, әкімдікке қайтып келген. Сұлтанов әкімдікте аналарды қабылдап, "Нұр-Сұлтан әкімі азаматтарды заңға сай ғана кезекке қоя алатынын" айтқан.

Наразы аналар Назарбаевпен кездесуді талап етті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG