Шымкентте газ құю станциясындағы жарылыста күйіп қалған 20 жастағы Ерлан Анар қайтыс болды. Бұл ақпаратты 12 маусым күні қалалық денсаулық сақтау департаменті растады.
Департаменттің баспасөз xатшысы Лаура Нақымқызының айтуынша, Ерлан Анар 11 маусым күні түстен кейін Тұрмахан Орынбаев атындағы облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының жан сақтау бөлімінде қайтыс болған. Ол бұған дейін жасанды тыныс алу аппаратында жатқан.
7 мамыр күні қаладағы газ құю станцасында жарылыс болып, станцияның жұмысшысы Ерлан Анар (1999 жылы туған) жан сақтау бөліміне жеткізілген. Жұмысшының денесінің 98 пайызын күйік шалған. Қалалық төтенше жағдайлар қызметіне "Мұраз" компаниясының газ құю станциясында өрт шыққаны туралы xабарлаған. Шымкент қалалық полиция департаменті өрттен кейін тергеу бастағанын айтқан.
ПІКІРЛЕР