Accessibility links

Тоқаев Мырзағалиев пен Сұлтановты министр қызметіне тағайындады


Бақыт Сұлтанов
Бақыт Сұлтанов

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мағзұм Мырзағалиевті экология, геология және табиғи ресурстар министрі етіп, Бақыт Сұлтановты сауда және интеграция министрі етіп тағайындады. Тоқаевтың жарлығы 17 маусымда Ақорда сайтында жарияланды. Бұл екі министрлік жаңадан құрылды.

Тоқаевтың жарлығына сай, ұлттық экономика министрлігінің ішкі-сыртқы сауда саттықты жүзеге асыру, халықаралық экономикалық интеграция және тұтынушылар құқығын қорғау міндеті; индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің техникалық реттеу, стандартизация міндеті; сыртқы істер министрлігінің экспорт саласы бойынша жұмыстары сауда және интеграция министрлігіне берілді.

Ал энергетика министрлігінің қоршаған ортаны қорғау, тұрмыстық қалдықтар бойынша жұмыстар, табиғи ресурстарды пайдалану; ауыл шаруашылығының су, орман саласы бойынша қызметтері; индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің геологиялық зерттеу, минерал-шикізат базасы бойынша жұмыстары экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне көшті.

Бұған дейін парламент мәжілісі Мырзағалиев пен Сұлтановтың кандидатурасын мақұлдаған.

Мырзағалиев "Тұран" университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол бұған дейін газ және мұнай министрінің, энергетика министрінің орынбасары болған.​ Ал Бақыт Сұлтанов бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болған.​

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG