АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикамен шекарадағы дуал құрылысына есірткімен күрес қорынан 2,5 миллиард доллар бөлуге тыйым салған федералдық сот шешімін апелляцияға беретінін мәлімдеді.
Заңсыз мигранттар ағынын тоқтату үшін Мексикамен шекарада дуал тұрғызу - Трамптың сайлауалды берген уәделерінің бірі. Алайда конгресс дуал салуға қажетті қаражат бөлмей отыр.
Ақпан айында Ақ үй шекарада төтенше жағдай жариялап, осылайша дуал құрылысына бірқатар ведомство қорынан 6,7 миллиард доллар қаражат бөлгізуге мүмкіндік алған. Бірақ бұл шешімге байланысты бірнеше штат сотқа шағым түсірген.
Жұма, 28 маусымда Окленд соты (Калифорния) қорғаныс министрлігінің есірткімен күреске деп бөлінген қаржысын дуал құрылысына бағыттау туралы шешімін заңсыз деп тапты. Сотқа шағымды Калифорния штаты 20 штат атынан түсірген.
Трамп келесі инстанцияда жеңетінін айтып отыр.
ПІКІРЛЕР