Accessibility links

CPJ: "Қауіпсіздік сертификаты" - цензураны күшейту амалы


"Интернеттегі шектеу". Сурет авторы - Аңсаған Мұстафа.
"Интернеттегі шектеу". Сурет авторы - Аңсаған Мұстафа.

Халықаралық "Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists, CPJ) қазақстандық ұялы байланыс операторлары азаматтарға орнатып алуды ұсынып жатқан "қауіпсіздік сертификатынан" соң "цензура күшеюі мүмкін" деп қауіптенеді.

"Билік "қауіпсіздік шарасы" деп атаған бұл тәсіл үкіметтің цензураны күшейтіп, азаматтарды бақылау мүмкіндігін арттыру ұмтылысы сияқты. Қазақстан билігінің журналистерді түрмеге жауып, қудалап, цензура қолдануда көп жылдық тәжірибесі бар. Сондықтан азаматтарды "қауіпті контенттен" қорғау бастамасына үлкен күмәнмен қарауымыз керек" дейді құқық қорғау ұйымың директоры Кортни Радш.

Қазақстанның цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев бүгін, 23 шілдеде Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз жиыны кезінде "қауіпсіздік сертификаты" қолданушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді" деп мәлімдеген. Жергілікті провадейлер «интернет-ресурстарға кіруде қиындық болмас үшін" сертификатты жүктеп алуға кеңес берген.

Кейбір IT мамандары Қазақстанның арнайы қызметтері "қауіпсіздік сертификаттары арқылы азаматтардың жеке деректерін – хат-хабарын, құпия сөздерін, не іздегені мен қандай сайттарға кіргенін бақылай алады"деп қауіптенген. Қазақстан билігі сертификат ерікті түрде орнатылады дегенімен, азаматтар сертификат орнатылмаған құрылғылармен интернетте отыру қиындағанын айтқан.

Видео: Билік халықтың жеке деректерін бақылауға алмақ па? (19 шілде 2019 жыл).

Билік халықтың жеке деректерін бақылауға алмақ па?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:56 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG