Accessibility links

"ҚДТ-ға қатысты" деп айыпталған екі белсендінің бостандығы шектелді


Қазақстан Жоғары сотының ғимараты. Көрнекі сурет.
Қазақстан Жоғары сотының ғимараты. Көрнекі сурет.

Нұр-Сұлтан қаласының соты Гүлмира Халықованың бостандығын бір жылға шектеп, екі жыл әлеуметтік желі пайдалануына тыйым салды. Сонымен қатар, 100 сағат қоғамдық жұмысқа жегу, одан "Зардап шеккендер қорының пайдасына" 25 250 теңге (65 долларға жуық) өндіріп алу жөнінде шешім шығарды.

21 қазанда Атырау қаласының соты белсенді Динара Мұқатованың бостандығын бір жылға шектеу туралы шешім шығарды. Атырау сотынан комментарий алудың сәті түспеді.

Халықова мен Мұқатоваға қуғындағы бизнесмен Мұхтар Аблязов құрған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын қолдады" деген айып тағылған. Бұл айыпты екі белсенді де мойындамаған. Прокурорлар олардың бостандығын бір жарым жылға шектеуді сұраған.

Қазіргі уақытта "ҚДТ-ға қатысты" деген айып көп балалы әйел Оксана Шевчукке, жылғызілікті әйел Гүлзипа Жәукерова мен Жазира Демеуоваға тағылып отыр. Нұр-Сұлтанда осындай айыппен Ақмарал Керімбаева қамауға алынған. Талдықорғанда отставкадағы полиция майоры Болатхан Жүнісовтің соты аяқталуға жақындады.

Өткен аптада Қаскелең қаласында осындай айыппен белсенді Еркін Қазиев пен Нұр-Сұлтан қаласында Серік Жахиннің бостандықтары бір жылға шектелген.

Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Аблязов ұйымдастырған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысына 2018 жылы тыйым салынғаннан кейін бұл ұйымды қолдаған немесе қолдады деген күдікке ілінген ондаған белсендінің үстінен әкімшілік және қылмыстық іс қозғалған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG