Ескі дүкенде тұрып жатқан отбасы
Алматы облысы Бәйтерек ауылында тұратын 32 жастағы Элеонора Гафарова, күйеуі және алты баласымен бұрынғы дүкенде тұрады. Онда жылу мен өмір сүруге еш жағдай жоқ, бірақ өзге баспанаға отбасының шамасы жетпейді. Үй кезегіне тұра алмаған отбасына жергілікті әкімдік көмектесуге уәде беріп отыр.
ПІКІРЛЕР