Қаңтардың 8-і күні Тегеран әуежайынан ұшып шыққан Boeing 737-800 ұшағы құлады. Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақтан ақау шыққан. "Украина халықаралық әуе желісі" компаниясына тиесілі лайнерде кемінде 176 адам болған. Иран құтқару қызметінің басшысы Прихосейн Куливанд мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында "ұшақтағылардың барлығы қаза тапқанын" айтты. Украина президенті Владимир Зеленский Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына барлық жолаушы мен экипаж мүшелерінің туған-туыстарына көңіл айтамын" деп жазды.
ПІКІРЛЕР