Accessibility links

Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді


Алматыдағы сот ғимараттарының бірі. Көрнекі сурет.
Алматыдағы сот ғимараттарының бірі. Көрнекі сурет.

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы "пара алды" деген күдікке ілінді деп хабарлады жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 23 қаңтарда тараған хабарламада судьяның "сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтан Қазақстан аумағынан шығуына рұқсат бергені үшін пара алғаны" айтылған. Агенттік судьяның аты-жөнін жазбаған.

Хабарламада "қылмыстық қудаланбау бойынша артықшылыққа ие судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жалғастыруға бас прокурордың келісім бергені" айтылады.

22 қаңтарда ҚазТАГ агенттігі құпия дереккөзіне сүйеніп, Бостандық аудандық сотының төрағасы Алтынбек Баяновтың жемқорлық бойынша күдікке ілінгенін хабарлаған. Алтынбек Баянов 2015 жылы 18 желтоқсанда президент жарлығымен Бостандық аудандық сотының төрағасы болып тағайындалған.

Қазақстанда жемқорлық бойынша шенеуніктер жиі сотталады, алайда көп жағдайда олар амнистиямен босатылады. 2019 жылы жарияланған Transparency International ұйымының жемқорлық индексінде Қазақстан 180 елдің ішінде 124-орында (неғұрлым көп болса, соғұрлым нашар) тұр.

Былтыр қараша айында жемқорлық бойынша айыпталған Алматының Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясына 116 мың доллар көлемінде айыппұл салынған.

Оқи отырыңыз: Жемқорлық бойынша айыпталған бұрынғы судьяға айыппұл салды

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG