Accessibility links

Белгісіз вирус таралмас үшін Қытай екінші қаласын жапты


Ухань қаласындағы шлагбаумда сақшылар жүргізушінің дене қызуын өлшеп жатыр. 23 қаңтар 2020 жыл.
Ухань қаласындағы шлагбаумда сақшылар жүргізушінің дене қызуын өлшеп жатыр. 23 қаңтар 2020 жыл.

Қытай "короновирустың ошағы" деп есептейтін екі қаласын жапты. Соңғы дерек бойынша, 600-ден астам адам вирусты жұқтырған. 17 адам көз жұмды.

23 қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қытайда инфекцияның таралуына байланысты денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жариялаудан бас тартты. ДДСҰ-ның басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, мұндай шешім қабылдау үшін әлі көп дерек жинақталуы тиіс. Бірақ ол шұғыл шақырылған комитет мүшелері арасында бұған байланысты қарама-қайшы пікір бар екенін растады. Жұма күні де талқылау жалғасады.

Өткен жылдың соңында 11 миллион тұрғыны бар Қытайдың орталық бөлігіндегі Ухань қаласында белгісіз вирус табылған. 23 қаңтарда таңертең қаланың басым бөлігінде қоғамдық көлік тоқтап, адамдарға қаладан кетпеуге бұйырды.

"11 миллион адамды оңашалау - денсаулық сақтау саласы тарихында бұрын-соңды болмаған нәрсе. ДДСҰ бұлай жасауға кеңес берген жоқ" деді ДДСҰ-ның Пекиндегі өкілі Гауден Галеа.

Бейсенбі күні көрші Хуанген қаласы да жабылды. Мұнда шамамен жеті миллион адам тұрады.

Вирустың таралуына байланысты Пекинде қытайлық Жаңа жылды тойлау шарасы шегерілді. Денсаулық сақтау саласының өкілдері вирус бұдан да тез таралып кетуі мүмкін деп қауіптенеді - жаңа жыл қарсаңында және мереке күні (25 қаңтар) жүздеген адам ел аумағында және Қытайдан тыс жерге саяхаттауды жоспарлап отыр.

Видео: "Жабылған қала" (23 қаңтар 2020 жыл).

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG