3 ақпанда Алматы облысы Өстемір ауылында жер үйде шыққан өрттен екі бала қаза тапты. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдай комитетіне сілтеме жасап, Қазақпарат агенттігі хабарлады.
«13.16-да өрт сөндіру қызметіне Талғар ауданы Өстемір ауылында үй өртеніп жатыр деген хабар келді. Өстемірге таяу орналасқан, 35 шақырымдағы өрт сөндіру бөлімшесінен өрт сөндірушілер жөнелді. Олар Өстемірге жеткенде үйді толық өрт алып кеткен» деп хабарлады комитет.
Өрт жергілікті уақыт бойынша 14.21-де сөндірілгені хабарланды.
Комитеттің дерегінше, көршілері үйден 2016 және 2017 жылы туған екі баланы алып шыққан. Екі бала ауруханаға бара жатқан жолда жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.
Өрттің себебі әлі анықталмады.
Өстемір ауылы Алматыдан 50 шақырымда орналасқан.
ПІКІРЛЕР