Accessibility links

АҚШ пен тәліптер бейбіт келісімге қол жеткізді


Ауғанстанның Вардак провинциясындағы АҚШ сарбаздары. 6 маусым 2019 жыл.
Ауғанстанның Вардак провинциясындағы АҚШ сарбаздары. 6 маусым 2019 жыл.

АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі 14 ақпанда АҚШ пен тәліптердің бейбіт келісімге қол жеткізгенін хабарлады. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, келісім жақын арада күшіне енуі тиіс және ақыры АҚШ Ауғанстаннан әскерін алып кетуі мүмкін. "Күш қолданбау туралы жетікүндік" алғашқы келісім күшіне енген күннен бастап он күн өткен соң Ауғанстанда жалпыұлттық бейбіт келіссөз басталады деді АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі.

Жұма күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео, қорғаныс министрі Марк Эспер және Ауғанстанның президенті Ашраф Ғани Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференция аясында кездесті. Politico басылымының жазуынша, АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы уәкілі Залмай Халилзад мен тәліптердің Дохадағы өкілі келісімнің соңғы детальдарын талқылап, келіскен.

Американың ресми өкілдері АҚШ билігі тәліптердің қысымына төтеп бере алмай, олардың талаптарына келісті деген сыбысты жоққа шығарды. Олардың айтуынша, Трамп Ауғанстаннан Америка әскерін алып кетуге келіскенмен тәліптердің АҚШ әскеріне шабуылынан кейін алдыңғы келісімге соңғы сәтте қол қоймай қойған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG