Accessibility links

HRW Нұр-Сұлтанды бейбіт жиын туралы заң жобасын қарауды кейінге қалдыруға шақырды


Нұр-Сұлтанда полиция митинг өтеді деген жерде адамдарды ұстап жатыр. 27 ақпан 2020 жыл.
Нұр-Сұлтанда полиция митинг өтеді деген жерде адамдарды ұстап жатыр. 27 ақпан 2020 жыл.

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін бейбіт жиын туралы заң жобасын қарауды кейінге қалдыруға шақырды. Ұйым өкілдері сонымен бірге төтенше жағдайға байланысты қоғамдық шараларға тыйым салынған кезде құжаттың асығыс қабылдануынан қауіптенген белсенділердің пікірін ескеруге үндеді.

26 наурызда мәжіліс бейбіт жиын туралы заң жобасын қарағаннан кейін кейбір белсенділер "құжат асығыс қаралып жатыр, оған ашықтық жетіспейді" деп мәлімдеген. Белсенділердің айтуынша, заң жобасында адам құқығын шектейтін тұстар көп.

HRW зерттеушісі Лора Миллс 1995 жылы қабылданған заңмен салыстырғанда бұл құжат кейбір тұста "шектеулері аз" болып көрінуі мүмкін: "Кейбір жағдайда ұйымдастырушы наразылық шарасын өткізу үшін биліктен рұқсат емес, оларды ескертсе ғана жеткілікті. Бірақ мемлекет бекіткен арнайы орындарда ғана өткізіп, соны місе тұту керек болады" дейді.

"Заң жобасы бұрынғыдай билікке қоғамдық шара өткізу туралы өтінішті мақұлдау немесе кері қайтару құқығын береді. Шенеуніктер балама орын, уақыты мен мерзімін ұсына алады. Егер ұйымдастырушылар ұсыныспен келіспесе, шара өткізілмейді. Мұның ешқайсысы халықаралық нормаға сәйкес келмейді" деді Миллс.

Лора Миллистің пікірінше, заң жобасын қабылдауға асығуға негіз жоқ. Ұйым өкілдері Нұр-Сұлтанды парламентте осы жоба бойынша дауыс беруді кейінге қалдыруға шақырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айындағы сайлаудан кейін бейбіт жиын туралы заң қабылдауға уәде беріп, митинг өткізу үшін ескертуді ғана талап ететін құжат қабылдауға уәде берген. Ақпан айында ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бейбіт жиын туралы заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Құжатпен танысып шыққан құқық қорғаушылар мен белсенділер қазіргі заң сияқты ондағы ережелердің халықаралық стандартқа сәйкес келмейтінін айтты.

Оқи отырыңыз: Митинг өткізу құқығы. Жаңа заң жобасындағы ескі шектеулер

Құжатқа сәйкес, Тоқаев уәде еткен “ескерту сипатындағы” митингілер қатысушылар саны 250-ден аспайтын кішігірім жиындарға ғана қатысты. Ал ірі митингілер үшін биліктен рұқсат алу керек. Құжатта сонымен бірге митингіні арнайы белгіленген орындарда ғана өткізу керек деген талап бар және бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзғандар бұрынғыдан қатаңырақ жазаланады.

Құқық қорғаушылар сынаған митинг заңын мәжіліс мақұлдады (26 наурыз 2020 жыл):

Құқық қорғаушылар сынаған митинг заңын мәжіліс мақұлдады
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:39 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG