Accessibility links

Министр: Өзін жұмыспен қамтығандар, бейресми жұмыс істегендер де 42 500 теңгеге өтініш бере алады


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Біржан Нұрымбетов.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Біржан Нұрымбетов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 6 сәуірде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен бейресми түрде жұмыс істегендер де 42 500 теңге алуға өтініш тапсыра алады деп мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ол үшін бұл азаматтар кемінде соңғы 12 айда бір рет әлеуметтік жарна (зейнетақы жарнасы немесе бірыңғай жиынтық төлем) төлеген болуы тиіс.

"Бейресми түрде жұмыс істеген азаматтар өздерінің мәртебесін бір рет рәсімдеп, ай сайын 42 500 теңгеден ала алады. Бір рет рәсімдеу деген бұл бірыңғай жиын төлемді төлеу деген сөз" деді министр брифинг кезінде.

Оның айтуынша, 6 сәуірге дейін 1 млн 284 мың адамнан өтініш келіп түскен. Олардың арасында бірнеше рет өтініш тапсырғандар да бар, бірақ әлеуметтік төлем айына бір-ақ рет беріледі деді министр.

Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, кейбір азаматтардың банкте есепшоты жоқ болғандықтан есепшотсыз өтініш беру мәселесі қаралып жатқанын айтты.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жұмыспен өзін қамтығандар мен бейресми түрде табыс тауып, отбасын асырап жүрген азаматтардың әлеуметтік төлемге өтініш түсіре алмайтыны туралы хабар тараған еді.

Министрдің айтуынша, бұған дейін айына 500 мың теңгеден көп жалақы алатын шамамен 2000 адамнан өтініш түскен. Нұрымбетов олардың өтініші қабылданбайтынын айтты. Баласы бір жастан асқан әйелдер жұмыс істеу мүмкіндігінен айрылғандықтан олар әлеуметтік көмек ала алады.

Наурыз айының соңында билік өкілдері төтенше жағдайға байланысты табысынан айрылған адамдарға айына 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем төленетінін айтқан еді. Қазақстанда 16 наурызда төтенше жағдай жарияланған. Жергілікті атқару органдары өтінішті онлайн арқылы жіберу қажеттігін айтқан.

Алайда кейбір қалаларда интернет арқылы өтініш толтыру мүмкіндігі жоғын айтқан тұрғындар Қазпошта мен банктерге жиналып, мекемелер алдында ұзын-сонар кезек пайда болған.

Қарай отырыңыз: 42 500 теңгенің әуресі. Қазпошта мен банк алдындағы ұзын-сонар кезек (3 сәуір 2020 жыл).

42 500 теңгенің әуресі. Қазпошта мен банк алдындағы ұзын-сонар кезек
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:55 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG