Accessibility links

Лукашенко Бакиевке резиденциясы маңынан жер бөліп берді


Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қырғызстанның бұрынғы мемлекет басшысы Құрманбек Бакиевке "Заславль–2" резиденциясы маңынан 70 сотық жер телімін бөліп берді. Бұл туралы Беларусьтің жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша біріңғай реестріне сүйенген Tut.by сайты жазды.

Лукашенконың 2019 жылдың желтоқсан айында шығарған шешімі бойынша жер телімі Бакиевке өмір бойы "қызметтік қолдануға" берілген. 45 сотығы - шаруашылық істеріне, 25 сотығы үй салуға арналған.

Құрманбек Бакиев Қырғызстанды 2005-2010 жылдар аралығында басқарған. 2005 жылы 24 наурыз күнгі оқиғалардан кейін (тарихта "Қызғалдақ" оқиғасы деген атпен қалған) билікке келген Бакиев 2010 жылы 7 сәуірде 90-ға жуық адамның өмірі қиылған халық толқуынан кейін отбасымен бірге Беларуське қашып кеткен.

Сәуір оқиғалары бойынша жарияланған сот құжаттарында бұрынғы президент Бакиев бастаған 28 адамға айып тағылған. Қырғызстан соты Құрманбек Бакиевті 30 жылға сырттай соттаған, туған інісі, мемлекеттік күзет қызметінің бұрынғы басшысы Жаныш Бакиев және сол кездегі үкімет басшысы Данияр Үсеновті сырттай өмір бойы бас бостандығынан айырған.

Оқи отырыңыз: Президенттердің қателігі кешірілмейді. Қырғызстандағы Сәуір төңкерісіне - 10 жыл


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG