Авторитар басшы Рахмон тақта қалудан үмітті
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 11 қазандағы президент сайлауында жеңіске жетіп, ел басқаруын одан әрі жалғастыратынына сенімді көрінеді. Дауыс беруге санаулы апта қалғанда ол ел тізгіні ұлына беріледі деген қауесетті жоққа шығарып, сайлауға тағы бір мәрте түсетінін мәлімдеді. 68 жастағы Рахмон билік басына 1990-жылдардағы азаматтық соғыс кезінде келді. Сол уақыттан бері ол билікті толықтай өз қолына шоғырландырып, оппозицияның түбіне жетті.
ПІКІРЛЕР