Accessibility links

Шымкентте биліктен көмек сұрап жүрген әйел өзін өртемек болды


Шымкентте биліктен көмек сұрап жүрген әйел өзін өртемек болды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:05 0:00

26 қараша кешкісін Шымкентте жергілікті биліктен көмек талап етіп жүрген әйелдердің бірі Индира Үсетаева қала әкімдігінің алдында үстіне бензин құйып, өзін өртемек болды. Полиция әйелдің өзін өртеуіне жол бермей, құтқарып қалды. Үсетаевамен бірге келген алты әйел әкім Мұрат Әйтеновтің шығуын талап етті. Солардың бірі Гүлжан Сарқұлова әкімдік алдында дауыс көтеріп жылады. Қала басшылығына келген жеті әйел Шымкент әкімдігінің "23 қарашада әкімдікке келген әйелдер бұған дейін мемлекеттен ақшалай көмек алған" деген хабарламасына наразы. 23 қарашада Шымкентте елудей әйел әкімдікке келіп, қала басшысы Әйтеновтің шығуын талап еткен. Әйелдердің бірі үйін жылытатын көмір жоғын, бірі баласын оқытатын интернет жоғын, бірі ас-суы таусылғанын айтса, бірі баспана мәселесін көтерген еді. 25 қараша күні Шымкент әкімдігі ішкі саясат басқармасы Facebook желісінде әкімдіктен көмек сұрап жүрген жеті әйелдің мемлекеттен ақшалай жәрдем алғанын жазған. Басқарма Үсетаева жыл басынан бері бір миллион теңгеден астам, Сарқұлова 3 миллион теңгеден астам ақшалай көмек алған деп мәлімдеді. Бүгін, 26 қараша кешкісін әкімдік алдына келген жеті әйел бұл тізімдегі деректердің "кейбірі жалған" деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG