Accessibility links

Сайлау күні Оралда 20 шақты адам ұсталды


Нұр-Сұлтанда тәуелсіз бақылаушы Ролан Мұхитжанды ұстап жатқан полиция. 10 қаңтар 2021 жыл.
Нұр-Сұлтанда тәуелсіз бақылаушы Ролан Мұхитжанды ұстап жатқан полиция. 10 қаңтар 2021 жыл.

10 қаңтарда Оралда 20 шақты адам "әділетсіз сайлауға" қарсылық білдіру үшін әкімдікке жақын орналасқан орталық алаңға жиналды. Артынша олардың бәрі ұсталды. Батыс Қазақстан облысының полициясы ақпаратты растады.

— Абай алаңына шамамен 25 адам жиналды деп хабарлады. Қала тұрғындары, азаматтар өтіп жатқан бәсекесіз сайлауға қарсы шықпақ болған, — деді азаматтық белсенді Бекболат Өтебаев Азаттық тілшісіне телефон арқылы.

Екінші топ мүгедегі Өтебаев бейбіт шеруге барғысы келгенін, бірақ "денсаулығына байланысты қатыса алмағанын" айтты.

Полиция департаментінің мәліметінше, барлығы 21 адам ұсталған. 10 қаңтарда Орал ғана емес, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбеде де ұстаулар болған. Олар түрлі саяси күш жетекшілері шақырған орындарға жиналған.

Алматыда полиция күндіз Республика мен Астана алаңында ондаған адамды ұстады. Демократиялық партия құрғысы келетін бастама топ өкілдері мен Oyan, Qazaqstan белсенділері Республика алаңында арнайы жасақ қоршауында қалды. 10 қаңтар кешкі сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, олар әлі қоршаудан шықпаған.

Нұр-Сұлтанда Жастар сарайы алдында кемінде 6 адам ұсталған. Ақтөбе мен республикалық маңызы бар Шымкент қаласында да он шақты адам бөлімшеге жеткізілген.

  • Елді отыз жылға жуық басқарып, 2019 жылы наурызда отставкаға кеткен Нұрсұлтан Назарбаев орнына Қасым-Жомарт Тоқаевты қойған. Бірақ президент ауысқанына қарамастан, көпшілік Назарбаев елді бұрынғыдай әлі де басқарып отыр деп санайды. Ол қазір өкілеті күшейген Қауіпсіздік кеңесіне жетекшілік етеді, саяси алаңда басымдыққа ие "Нұр Отан" партиясын басқарады. Қазіргі парламентте оның партиясынан бөлек ("Нұр Отан"), тағы екі билікшіл партия - "Ақ жол" мен "Қазақстан халықтық партиясы" (бұрынғы Қазақстан коммунистік халықтық партиясы) бар. Соңғы екеуінің әрқайсысы парламентте жеті мандатқа ие. Қазір сайлауға билікшіл тағы екі партия қатысып жатыр: "Ауыл" мен "Адал". Ресми тіркелген Жалпыұлттық-социал демократиялық партиясы сайлауға бойкот жариялаған.
  • ЕҚЫҰ бастаған халықаралық ұйымдар Қазақстанда өткен сайлаулардың ешқайсысын "демократиялық талаптарға сай" деп мойындамаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG