"Киінуге де мұрсат бермеді". Дулат Ағаділді еске алу шарасы үшін қамалған белсенді
Орал тұрғыны Бекболат Өтебаев бес күн қамаудан кейін бостандыққа шықты. Наурыздың соңында оны екі полиция қызметкері үйінен алып кеткен. Бекболат Өтебаев 25 ақпанда Оралда өткен әкелі-балалы Дулат пен Жанболат Ағаділдерді еске алу шарасына қатысқаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. Дулат Ағаділ – былтыр Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмған азаматтық белсенді, ал оның ұлы Жанболат кейін пышақ жарақатынан қаза тапқан. Мүгедектігі бар Өтебаев құқығы бұзылғанын айтып, қамауда аштық та жариялаған.
ПІКІРЛЕР