"Қалай күн көреміз?" Тоқаев тапсырмасынан соң мал дәрігерлері жұмыссыз қалмақ
14 мамырда Шымкенттегі ондаған мал дәрігері наразылық білдірді. Таяуда олар өздері жұмыс істейтін мемлекеттік мекемеден "қызметкерлер 25 пайыз қысқарады" деген хабарлама алған. Жұмысшылар айлығы 100 мың теңгеге жетпейді. Олар "осының өзінен айырылсақ, қалай күн көреміз?" деп қынжылады. Жұмысшыларды қысқарту туралы шешімді мекеме басшылығы президент Тоқаевтың тапсырмасына сай қабылдағанын айтады.
ПІКІРЛЕР