Accessibility links

Ресейлік дума Навальный жақтастарын сайлаудан шеттетуге қадам жасады


Мемлекеттік дума.
Мемлекеттік дума.

18 мамырда Ресей парламентінің төменгі палатасы "экстремистік ұйым" мүшелеріне заң шығару органдарына сайлануға тыйым салатын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Сарапшылар оны Кремль сыншысы, оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйға қарсы бағытталған шара деп атады.

Мемлекеттік дума депутаттарының басым бөлігі заң жобасын қолдап дауыс берді.

Қазір Ресей билігі Навальныйдың Жемқорлықпен күрес қорын "экстремистік ұйым" қатарына жатқызуға күш салып жатыр. Басқарушы "Единая Россия" партиясы қыркүйек айындағы парламент сайлауына дайындалып жатыр және наурыз айындағы қоғамдық пікір халық қолдауының 27 пайызға түсіп кеткенін көрсеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG