Accessibility links

Талибан: Әйелдер құқығын шариғат заңдарына сай сақтаймыз


"Талибанның" ресми өкілі Забихулла Муджахид баспасөз мәслихатында отыр. Кабул, 17 тамыз 2021 жыл.
"Талибанның" ресми өкілі Забихулла Муджахид баспасөз мәслихатында отыр. Кабул, 17 тамыз 2021 жыл.

17 тамыз күні Кабулда "Талибан" қозғалысының өкілдері (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) Ауғанстанға бақылау орнатқаннан кейінгі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді.

Жиында "Талибанның" ресми өкілі Забихулла Муджахид "әйелдер құқығын шариғат заңдарына сай сақтаймыз, олар бізбен бірге еңбек етеді" деді. Бірақ ол шариғат заңдары әйелдерге қалай қолданылатынын ашып айтпады.

"Халықаралық қауымдастыққа айтқым келетіні, біз ешкімге тиіспеміз. Бізге халықаралық қауымдастықпен мәселе болғаны керек емес, бірақ біз діни принциптерімізге сай әрекет етуге құқығымыз бар. Басқа елдердің өз ұстанымдары, заңдары мен ережелері бар, ауған халқы да біздің ұстанымымызға сай заңдармен өмір сүруге құқылы" деді Муджахид.

Тәліптердің өкілі "20 жыл күрестен соң шетелдіктерді елден қуып шыққандарын" айтып, "бұл ауған халқы үшін мақтанатын сәт" деп мәлімдеді.

"Ауғанстан соғыс алаңы болғанын қаламаймыз, сондықтан бізге қарсы соғысқандардың бәрін кешіреміз, жауласу аяқталды. Ішкі және сыртқы жауларымыз болғанын қаламаймыз" деді Муджахид.

"Талибан" өкілі БАҚ жұмысын "өздерінің мәдениеті аясында" құрметтейтінін айтып, "жекеменшік БАҚ еркін әрі тәуелсіз болып қалады. Бірақ ислам біздің елде үлкен рөл атқарады, сондықтан ислам құндылықтары есепке алынуы тиіс" деді.

Муджахид "БАҚ біз түзелу үшін жұмысымызды сынауына болады, бірақ олар бізге қарсы жұмыс істемеуі тиіс" деп ескертті.

Тәліптер Ауғанстан аймақтарының басым бөлігін басып алғанда да әйелдер құқығын шектемейтінін жеткізген. Бірақ сарапшылар тәліптердің айтқан сөзі жүзеге аса бермейтінін айтып, күмән келтіреді.

Биыл мамырда АҚШ президенті Джо Байден америкалық әскерилерді Ауғанстаннан шығара бастаған. Осыдан соң "Талибан" қайта күшейіп, Ауғанстан аймақтарын бірінен соң бірін басып алды.

15 тамызда тәліптер Кабулға кіріп, Ауғанстандағы билікті қайта қолға алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден қашты.

2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі террор шабуылынан кейін АҚШ тәліптер террор шабуылын ұйымдастырған "Әл-Каида" террорлық ұйымының жетекшісі Усама бен Ладенді жасырып отыр деп Ауғанстанға кірген.

Америка әскерилері Ауғанстанға кірген соң елді 1996 жылдан бері басқарған "Талибан" биліктен кетіп, кейінгі 20 жылда ұрысты тоқтатпаған еді.

Дарға асу, қол кесу, бурка кию. Жұрт тәліптерден неге қорқады?
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:11 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG