Accessibility links

Пара дзюдошы Әнуар Сариев Токио паралимпиадасында күміс медаль алды


Жол апатынан жанарына зақым келген Әнуар Сариев паралимпиадада күміс алды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:10 0:00

Жол апатынан жанарына зақым келген Әнуар Сариев паралимпиадада күміс алды

Токиода өтіп жатқан жазғы паралимпиада ойындарында қазақстандық пара дзюдошы Әнуар Сариев 60 келіде күміс медаль алды. Ол финалда әзербайжандық Вугар Ширинлиден жеңілді.

Қазақстандық дзюдошы финалға дейін моңғолиялық Ядамдорж Сухбаатарды, венесуэлалық Деннис Марко Бланконы жеңген еді.

Атыраулық 29 жастағы дзюдошы Сариев 2015 жылы көзі көрмейтін спортшылар ойынында (IBSA Games) қола, 2019 жылы пара дзюдодан Азия чемпионатында күміс медаль иеленген. 2016 жылы Рио паралимпиадасына да қатысып, ол жарыста 7-орынмен шектелген. 2018 жылы Пара Азия ойындарында 5-орын алған.

Бұл - Қазақстанның Токио паралимпиадасындағы екінші медалі. Кеше, 26 тамызда пауэрлифтингтен Давид Дегтярев чемпион атанған еді.

Давид Дегтярев – Токио паралимпиадасының чемпионы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:07 0:00

Қазақстан жазғы паралимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. 2016 жылға дейінгі паралимпиадаларда жүлде иеленбеген еді. 2016 жылы Риода өткен паралимпиадада бір алтын, бір күміс медальмен жалпы есепте 58-орын алған. Рио паралимпиадасында жүзуден Зүлфия Ғабидулина чемпион атанса, пауэрлифтингтен Раушан Қойшыбаева күміс медаль иеленген. Ғабидулина мен Қойшыбаева да Токио паралимпиадасына қатысып жатыр.

Токиодағы паралимпиада 5 қыркүйекте аяқталады. Жарысқа Қазақстаннан 25 паралимпиадашы қатысып жатыр. Бұл дода 2020 жылы өтуі тиіс еді, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты биылға шегерілген.

Токио паралимпиадасы алдында өткен олимпиада ойындарында Қазақстан алтынсыз қалып, тек 8 қола медаль иеленген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG