Жедел жәрдем қызметкерлері неден жазықты болды?
Алматыда жедел жәрдем станциясының 26 қызметкеріне қылмыстық іс қозғалған. Арызданған – станция бастығы. Сөзінше, қызметкерлер президент әкімшілігіне, бас прокуратураға оның «ар-ожданына дақ түсіретін» шағым жазған. Былтырдан бері коронавирус індеті өршіген соң «тиісті үстемақыны төлемеді» деп наразылық білдіріп келген қызметкерлер мұны «қудалау» деп атайды.
ПІКІРЛЕР