Бірнеше адам Қарағанды қаласының іргесіндегі түрмеде отырған туыстарының соққыға жығылып, азапталғанын айтып шағымданды. "Аязды күнде далаға шығарып, суық су құйған" дейді. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, өткен аптада түрмені тінткен, бірақ ешкім таяқ жемеген.
ПІКІРЛЕР