Көп балалы ана өмірінде алғаш рет косметологқа барды
31 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны Майра Нұрмұхамбетова әлеуметтік жоба аясында сұлулық салонына жолдама ұтып алды. Одан бөлек төрт балалы әйелге заңгер тегін консультация берді. Астаналық блогер бастаған жоба тұрмысы нашар, зорлық көрген, мүгедек бала бағып отырған қыз-келіншектерді сергітіп, түрлі маманның қабылдауына жазады. Бұл қызметтің бәрі әйелдерге тегін көрсетіледі.
ПІКІРЛЕР