Жаңаөзен толқып тұр. Оны аймақтар да қолдап жатыр
Жаңаөзен қаласында сұйылтылған газдың жаңа жылдан бастап қымбаттағанына наразылық білдіріп, қаңтардың екісі алаңға шыққан жүздеген адам түнде де тарқамады. Газ бағасын қарастыруды үкіметке тапсырдым деп түн ішінде твиттерге жазған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне де тоқтамады. Газдың әуелі 98 теңге, ертеңіне 120 теңгеге дейін қымбаттағанына ашулы халық қаңтардың 3-інде де Жаңаөзен орталығынан кетпей тұрды.
ПІКІРЛЕР