Accessibility links

Астанада полиция Азаттықтың тағы бір тілшісін ұстап әкетті


Дархан Өмірбек.
Дархан Өмірбек.

4 қаңтарда астанада полиция "Әсем" базары маңынан Азаттық тілшісі Дархан Өмірбекті ұстап әкетті. Ол сол маңда Жаңаөзендегі наразылықты қолдап, пікірін айтуға келген жүз шақты адамның акциясынан ақпарат таратқан. Полиция тілшінің куәлігін көрсеткеніне де қарамастан оны күшпен ұстап, автозакқа отырғызған.

Тілші Азаттықтың Facebook парақшасында автозактан тікелей эфирге шықты.

Тілшіні қай жаққа әкеткені белгісіз. Азаттық полициядан ақпарат алуға тырысып жатыр.

Бірнеше сағат бұрын полиция Алматыда базар маңынан ақпарат таратқан Азаттық тілшісі Қасым Аманжолды ұстап, шамамен екі сағаттан соң босатқан еді.

2 қаңтарда Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында тұрғындар газдың екі есе қымбаттауына қарсы шыққан. Наразылықты Қазақстанның өзге өңірлері қолдады. Кейінгі екі күнде Қазақстан қалаларында полиция күзеті күшейіп, белсенділер мен ақпарат құралдарын ұстау жиіледі.

Алматыда кемінде он белсенді әкімшілік жауапқа тартылды. 4 қаңтарда Қазақстанның бірнеше қаласында "оппозиция митингісі өтеді" деген орындарда жүзден астам адам ұсталды. Ұстаулар сейсенбі күні түнге дейін жалғасты.

ІІМ әзірге ресми түсініктеме бермеді.

Қарай отырыңыз: Ақтөбе, Шымкент, Орал, Қостанай... Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі наразылықтар (4 қаңтар 2022 жыл).

Ақтөбе, Шымкент, Орал, Қостанай... Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі наразылықтар
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:03 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG