"Балам террорист емес!" Ақтөбеде оққа ұшқан жігіттің ата-анасы полиция уәжімен келіспейді
Ақтөбедегі наразылық кезінде оқ тиіп қайтыс болған Русланбек Жұбаназаровтың сүйегін туыстары 10 күннен бері мәйітханадан ала алмай жүр. Мәйітхана қызметкерлері Русланбектің "тұрғылықты мекені мен туысы жоқ адамдар қойылатын траншеяға көму" туралы полиция жазып берген хатты алға тартады. Мұның себебін сұраған ата-анасы "балаңыз – террорист, сондықтан сүйегі берілмейді" дейтін жауап алған.
ПІКІРЛЕР