Ауыл тұрғындары зират күзетіп жүр. Олар эксгумацияға қарсы
Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 20 жастағы Марғұлан Бектұрсынның сүйегі 8 қаңтарда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұрлы ауылына жерленген. Араға екі аптадай уақыт салып полиция мәйітті қазып алмаққа келген. Ауыл тұрғындары бұған қарсы. Олар сүйекті қазып алып, марқұмды "террорист" қатарына қосып жібере ме деп қауіптенеді. Қазақстан президент Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде "20 мың террорист шабуыл" жасағаны жайлы айтқанымен, "террористердің" нақты кім екеніне дәлел ұсынбады. Қоғамда Тоқаевтың "террорист" жайлы сөзіне күдік көп.
ПІКІРЛЕР