Accessibility links

Мариуполь. 17 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь. 17 наурыз 2022 жыл.

Соғыстың үшінші аптасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

19 наурыз. Украинадағы соғыста қазірге дейін болған оқиғаларды қысқа-нұсқа шолып шығыңыз.

  • Ресей әскері Украинаның оңтүстік-шығысындағы стратегиялық маңызды портты қала Мариупольге кіргенін хабарлады.
  • Киев Мариуполь түбіндегі "Азовсталь" металлургия комбинатында шайқас жүріп жатқанын мәлімдеді.
  • Украина билігі 19 наурызда атқылауға ұшыраған қалалардан тұрғындарды эвакуациялауға арналған он гуманитарлық дәліз ашылатынын айтты.
  • Еуроодақ билігі санкцияға ілінген ірі ресейлік кәсіпкерлердің активтерін соғыс аяқталған соң Украинаны қалпына келтіруге жұмсау мүмкіндігін талқылап жатыр деп хабарлады Bloomberg.
  • Сенбі күні Ресейде соғысқа қарсы акциялар өтіп, Санкт-Петербургте кемінде бес адам ұсталған. Полиция тәуелсіз басылым тілшілерінің үйіне барған.
  • Болгария Украинадағы соғысқа байланысты Ресей газынан бас тартады.
  • АҚШ президенті Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдің Украинаға басқыншылығын талқылады. Байден Сиге Қытай Ресейге көмектессе, салдары ауыр болатынын ескертті.
  • БҰҰ: Соғыс басталғалы Украинада кемі 816 бейбіт тұрғын қаза болды. Ұйым құрбандар саны бұдан да көп деп есептейді.
  • Литва, Латвия, Эстония және Болгария ресейлік дипломаттарды елден шығарады.
  • Киев билігі соғыс басталғалы қалада 222 адам қаза тауып, 889 адам жараланды деп мәлімдеді.
  • Мариуполь қаласындағы драма театрға шабуылдан 1300 адам зардап шеккен. Құтқарушылар бүлінген театрда қалып қойған 130 адамды құтқарды.
  • Ресей билігі "Қырымның Ресей құрамына қосылғанын" атап өтті. Мәскеудегі "Лужники" стадионында өткен шараға 203 мыңдай адам қатысқаны айтылды. Бұл шараға Путин келіп, сөз сөйледі.
17:29 17.3.2022

Қазақстан "Дождь" телеарнасының офис менеджері мен сегіз ресейлікті Ресейге қайтарған. Бұл туралы "Дождь" телеарнасының жүргізушісі Анна Монгайт телеграм каналында жазды. Ол "Дождь" қызметкерінің есімін атамады.

Ресей "Дождь" телеарнасын "шетел агенті" деп танып, сайтын бұғаттаған еді. Украинадағы соғыстан хабар таратып келген телеарна наурыздың басында жабылған.

16:25 17.3.2022

Украина әскери барлау қызметі: Сирия президенті Башар Асад Ресейге Украинадағы соғыста көмектесу үшін 40 мың солдат жіберуге уәде берген.

Бір апта бұрын Ресей президенті Путин Таяу Шығыстан шыққан "еріктілерге" Украинадағы соғысқа қатысуға мүмкіндік жасауды тапсырған. Ал Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Донбасстағы қақтығысқа қатысу үшін Таяу Шығыстан 16 мың "ерікті" келгенін айтқан.

Сириялық тәуелсіз басылымдар Ресей Украинадағы соғысқа қатысатын әрбір сириялық солдатқа 200 доллар көлемінде ақы төлемек деп жазған еді.

15:41 17.3.2022

17 наурыз. Қазірге дейінгі негізгі ақпараттар:

  • Зеленский Ресеймен келіссөзде Украинаның ұстанымын атады: Соғысты аяқтау, Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру, тәуелсіздігіне қол сұқпау және аумақтық тұтастығын қалпына келтіру.
  • Украина президентінің кеңсесі Ресей әскерилері ұрлап әкеткен Мелитополь мэрі Иван Федоровты ресейлік 2002-2003 жылы туған тоғыз қатардағы солдатқа ауыстырғанын растады.
  • Мариупольдегі бомбаланған драма театрда жасырынған адамдардың аман қалғаны хабарланды. 16 наурызда театрға шабуылдан біраз бөлігі қираған. Мыңға жуық адам театрдың жертөлесінде бас сауғалап тығылып отырғаны айтылған еді. Украина бұл шабуылға Ресейді айыптады, Ресей украиналық "Азов" батальонын кінәлайды.
  • АҚШ Украинаға 800 әскери қару (ракетаға, танкіге қарсы құрылғылар мен әскери дрондар) бермек. "Бұл соғыс ұзаққа созылуы мүмкін" деді Джо Байден. Вашингтон Украинаға әскери көмек ретінде 800 млн доллар да бермек.
  • АҚШ барлаушылары Украинада соғыс басталғалы Ресей 7 мыңнан аса әскериінен айырылды дейді.
15:06 17.3.2022

"Қытай Украинаға ешқашан шабуылдамайды, керісінше көмектеседі"

"Қытай Украинаға ешқашан шабуылдамайды. Біз сіздерге даму үшін экономикалық тұрғыда көмектесеміз. Украин халқының бірлігі қаншалықты мықты екенін көрдік, демек бұл халықтың күші" деді Қытайдың Украинадағы елшісі Фань Сяньжун Львов әскери әкімшілігінің басшысы Максим Козицкиймен кездесуде.

Осыған дейін АҚШ басылымдары шенеуніктерге сілтеме жасап, Ресей Қытайдан қару-жарақ сұраған деп жазған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG