Accessibility links

АҚШ елшілігі Жанболат Мамайдың қамалғанына алаңдаушылық білдірді


Жанболат Мамай 13 ақпандағы митингіде сөз сөйлеп тұр.
Жанболат Мамай 13 ақпандағы митингіде сөз сөйлеп тұр.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі "Демпартия" құруды көздейтін бастамашыл топтың жетекшісі Жанболат Мамайдың қамалғанына алаңдаушылық білдіріп, Қазақстан үкіметін жұртқа бейбіт жолмен ойын ашық айтуға мүмкіндік беруге шақырды.

"АҚШ елшілігі Жанболат Мамай қамауда қалғанына алаңдаушылық білдіреді. Сөз бостандығын құрметтеу мен бейбіт митингіге шығуға мүмкіндік беру – демократияның негізі. Қазақстан үкіметін барлық азаматқа бейбіт түрде пікірін қамалудан я қуғындаудан қорықпай, ашық айтуға мүмкіндік беруге шақырамыз" деп жазды елшілік твиттер парақшасында.

"Демократиялық партия" құрғысы келетін бастамашыл топтың жетекшісі, билікке ашық сын айтып жүрген белсенді Жанболат Мамай 14 наурызда "Жалған ақпарат таратты" деген күдікпен екі айға қамауға алынған.

Ақпанның соңында Мамай 13 ақпанда қаңтар оқиғасын еске алған азалы митингіге қатысқаны үшін 15 күнге қамалған еді. Ол 12 наурызда әкімшілік қамаудан босап шығуы тиіс болған. Алайда полиция белсендіні босатпады. Адвокат Жанар Балғабаеваның айтуынша, "Жалған ақпарат тарату" бабы (274-бап) бойынша істе Жанболат Мамай қорғануға құқығы бар куәгерден күдікті статусына ауыстырылған.

Жанболат Мамай куәгерден күдіктіге айналды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:30 0:00

Сенбі күні жақтастары мен туыстары Алматы қалалық полиция департаментінің алдына жиналып, белсендіні босатуды талап еткен. Мамайдың жақтастарды бұл істің "саяси астары бар" деп санайды.

13 ақпанда Алматының Республика алаңында Қаңтар құрбандарын еске алу шарасы өткен. Оған елдегі түрлі саяси күштер, белсенділер, қала тұрғындары қатысты. Бұл жиында Жанболат Мамай да сөз сөйлеп, билікке наразылығын білдірегн .Жиналғандар Қаңтар оқиғасын тәуелсіз зерттеуді, ұсталғандарды азаптауды тоқтатуды талап еткен. Кейбір адамдар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа импичмент жариялау туралы да ұсыныс айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG