Accessibility links

Қорғаныс министрлігі әскери парад өткізбеу себебін бюджет қаржысын үнемдеу ниетімен байланыстырды


Қазақстан қорғаныс министрлігі әскери парад өткізбеу себебін бюджет қаржысын үнемдеу ниетімен байланыстырды. Бұл жөнінде ведомствоға сүйенген 24.kz сайты хабарлады.

"2022 жылы Қазақстанда әскери парадтың өтпеуі бюджет қаржысын үнемдеу ниеті, сонымен бірге өзге де міндеттерді шешу қажеттілігімен байланысты" деді қорғаныс министрлігі өкілдері.

Қазақстан қорғаныс министрлігі басымдық беретін міндеттер қатарында "жауынгерлік әзірлік пен Қазақстан қарулы күштері бөлімшелерінің жинақылығын қажетті деңгейде ұстап тұру, мемлекеттік және әскери нысандардың күзеті мен қорғанысын қамтамасыз ету" тәрізді міндеттер бар.

Бірнеше күн бұрын Қазақстан билігі 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр - Жеңіс күні әскери парад өткізбейтінін мәлімдеген. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ол күндері елу шақты "әскери-патриоттық шара" өтеді.

Қазақстан билігі 2020 және 2021 жылдары да Жеңіс күні әскери парад өткізген жоқ. Мұндай шешім коронавирус індетіне байланысты қабылданды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG