Accessibility links

Қазақстан мен Қырғызстан шекарадан жүк көліктерін еркін өткізуге келісті


Қазақстан мен Қырғызстан шекарадан жүк көліктерін еркін өткізуге келісті. Олар шекарадағы кептелісті барынша азайтуы тиіс.

Қырғызстан үкіметі хабарлағандай, Қазақстан ЕАЭО-ға мүше елдерге тауар әкетіп бара жатқан жүк көліктерінде электронды счет-фактура болған жағдайда, бақылау шарасын өткізбеуге келіскен.

Егер аталған құжат болмаса, Қазақстан қырғыз тауарын кері қайтарады.

Тараптар ортақ WhatsApp-топ ашып, сол жерде мәселені талқылауға уәделескен. Ол топқа Қырғызстанның салық қызметінің басшылары мен Қазақстанның мемлекеттік кіріс қызметінің жетекшілері кіреді.

Бұдан бөлек Қырғызстан мен Қазақстан кептелісті болдырмас үшін, шекара қызметінің жұмысын күшейтуге келіскен.

Қырғызстан шекара қызметінің мәліметінше, 20 сәуірде таңертең Қазақстанмен шекарада 300-ге жуық жүк көлігі кептелісте тұрып қалған.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында көлік кептелісі жиі пайда болады. Кей кезде кезектің ұзындығы бірнеше шақырымға созылып кетеді. Шекарада бақылаудың күшеюі Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дауға жиі негіз болады.

Қазақстан мен Қырғызстан Еуразия экономика одағына (ЕАЭО) мүше, ұйым мүшелері арасында еркін тауар тасымалдау туралы келісім бар. Ал іс жүзінде оған мүше елдер бір-біріне шектеу шараларын қолданып келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG