Алматыда 24 сәуір күні Шоқан Уәлиханов алаңына барып, митинг өткізген бір топ адамды полиция ұстап әкеткен. Кейбіреуін әкімшілік қамауға алып, біразына айыппұл салған. Қаңтар оқиғасынан кейін қамауда жатқан күйеуін босатуды сұраған екі әйел айыппұлды ескертуге ауыстыруды талап етті.