Қазақстанда орташа айлық 275 мың теңгеге жетті. Ұлттық статистика бюросы берген мәліметке сәйкес, бұл өткен айдың көрсеткіші. Бірақ тұрғындар ресми ақпарат бұрмаланған дейді. Жұрттың айтуынша, елдегі орташа айлық мөлшері 100-150 мың теңгеден аспайды.