24 сәуірде сап-сау деп әскерге кеткен қызылордалық жігіт Шымкенттегі 35 748 әскери бөліміне жетіп, төрт күннен соң психикалық орталыққа жатқызылған. Анасы балаға әлімжеттік жасалды деп санайды. Ал бөлім басшылығы оны «әскери борышын өтеуден жалтарып суицид жасамақ болды» дейді.