Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғанда облыс әкімінің орынбасары соққыға жығылғаны туралы ақпарат тараған. Дүрбелеңге қатысқан Бауыржан Оразымбетовтың сөзінше, осы істі тергеушілер мойныңа ал деген. Ол «қарсылық жиынына қатысқаным рас, бірақ әкім орынбасарын ұрғам жоқ» дейді.