Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев ел билеп тұрғанда парламент мінберінен оған мадақ көп айтылатын. Бірақ қаңтар оқиғасынан кейін жылдар бойы Назарбаевты ұлықтап келгендер президент Қасым-Жомарт Тоқаевты мақтап, онымен бірге «Жаңа Қазақстан» құруға кірісіп кетті.