Үш күннен бері Тәжікстандағы Таулы Бадахшан автономдық облысы толқып тұр. Өңірде жергілікті тұрғын сотталған соң былтыр көтеріліп, тыншыған дау қайта күшейді. Наразылықтың екінші күні билік «терроризмге қарсы операция» басталғанын хабарлады. Қаза тапқандар мен жаралылар көп.